Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

Қостанайда Батырбек Байназаровтың «Қобыз – аңыз» атты жеке концерті өтті

Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітірген жас Батырбек қобызын көтеріп, Қостанайға келген болатын. Алдымен «Ақ желең» ұлт-аспаптар ансамблінің , одан кейін ұлт-аспаптар оркестірінің құрамында оның қобызының дауысы әр шығарманы ұлттық бояуға қанықтырып отырды. Қобызшының қатысуымен ансамбль мен оркестр көптеген републикалық және халықаралық байқауларда бақ сынап, биіктерден көрініп үлгерді.

Ердің жасы елуге толып отырған Батырбек өзінің тыңдаушыларының алдында өнер есебін берді.

Концертте алдымен кеш иесі Батырбек қыл қобызымен Қорқыттың «Қоңырынан» бастап, бірнеше шығарма орындады. Сонымен қатар, Батырбектің өнердегі достары белгілі әншілер республикалық байқаулардың лауреаты Жанатбек Кәдіров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Бақтаева, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары домбырашылар Григорий Югай мен Әлімжан Әбсадықов, халықаралық байқаулардың лауреаты, қобызшы Жанар Жетпісова, Мәдениет саласының үздігі, дирижер Ержан Қитаров Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Атырау қалаларынан келіп, досының кешіне ән мен күйден шашу шашты.

Кеште Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов Батырбек Байназаровқа облыс әкімі Архимед Бегежановтың құттықтауын жеткізіп, иығына шапан жапты.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Автор
Санжар

Журналист