ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай шекара қызметі басқармасының бастығы қайтыс болды

Қостанай шекара қызметі басқармасының бастығы қайтыс болды

Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы полковник Арман Жұмахметов қайтыс болды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің басшылығы, сондай-ақ «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Арман Орақұлы Жұмахметовтің қайғылы қазасына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Полковник А. Жұмахметов 1995 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтын аяқтап, шекара заставасы бастығының орынбасарынан бастап Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды.

Орны толмас қазаға ортақпыз. Сіздерге күш-қуат пен сабыр тілейміз.

Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған нағыз офицер әрі патриот жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Автор
Айбар