Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы әкім өзінің Инстаграмдағы парақшасында айтты.

Қайрат Ахметов тестілеудің оң нәтиже көрсеткенін, сондықтан оқшаулануға көшетінін айтты. Алайда, Қостанай қаласының әкімі өз жұмысын қашықтан жалғастыра береді.

«Қала тұрғындарын белгіленген барлық талаптар мен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», - деп жазды әкім. 

https://www.instagram.com/p/CCZ4tH_gQ9l/

Автор
Айбар