«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты

Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты

Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

"Бұған дейін хабарланғандай, 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол - 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", - деді министр.

Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.
Автор
Данияр