Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды

Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды

Күдік туғызған автокөлікті жол-патрульдік полиция жасағы тоқтатпақ болған, осы кезде ер адам тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан


Қостанай облысында жеті жасар бала жол апаты салдарынан ауыр жарақат алып, көз жұмды. Полицейлердің хабарлауынша, көлік жүргізуші мас болған және патрульдік экипаждан қашып кетуге әрекеттенген.

Қайғылы оқиға 19 шілде күні түн ортасында Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Архиповка ауылында болды, деп хабарлады alau.kz порталы.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, 32 жастағы жүргізуші мас күйде өзінің Volkswagen көлігіне отырған. Салонда өзімен бірге жеті жасар баласы болған.

Күдік туғызған автокөлікті жол-патрульдік полиция жасағы тоқтатпақ болған, осы кезде ер адам тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан.

"Салдарынан ер адам рөлге ие бола алмай, көлік жыраға аударылып кетті. Салонда болған заң бұзушының жеті жасар баласы апаттан көз жұмды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы үшінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарланды жедел штаб отырысында.

Жол апатына кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


sputniknews.kz
Автор
Айбар