Жұмыс іздеп жүрген азамат құлдыққа қалай түскенін айтып берді (ВИДЕО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанайда ер адам әйелін өлтіріп, мәйітін екі ай жасырған

Қостанайда ер адам әйелін өлтіріп, мәйітін екі ай жасырған

29 шілдеде Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Батухан Тайыштықовқа қатысты үкім шығарды. Ол жұбайы Татьянаны қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қайғылы оқиға ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде болған. Әйел күйеуіне оның ішімдікке салынғанын және өзіне көрсеткен қорлығына енді төзбейтінін айтып, ажырасуға ниетті екенін жеткізген.

Айыптау тарапының мәліметінше, осыдан кейін ер адам әйеліне артынан шабуыл жасап, оны тұншықтырған. Кейін мойын тұсына пышақ жарақатын салған.

Қылмыстан кейін сотталушы марқұмның мәйітін ауладағы дәретхананың шұңқырына жасырып, үстін қар мен шөппен көмген. Іс материалдарында көрсетілгендей, кейін ол сол жерге тұрмыстық қоқыс тастауды жалғастырып, дәретхананы пайдаланған.

Туыстарын екі ай бойы алдаған

Сот анықтағандай, марқұмның туыстары екі айға жуық уақыт бойы оның тағдырынан бейхабар болған.

Осы уақыт ішінде Батухан Тайыштықов әйелінің қалаға жұмыс істеуге кеткенін айтып, туыстарын сендірген. Сондай-ақ оны іздеп жатқанын көрету үшін Қостанай қаласына екі рет барған.

Бұдан бөлек, ол іздеу жұмыстарын жалғастыру сылтауымен марқұмның ағасынан 300 мың теңге алған. Әйелдің мәйіті әкесі полицияға қызының жоғалғаны туралы арызданғаннан кейін ғана табылды. Тергеу барысында күдікті денені жасырған орнын өзі көрсеткен.

Неліктен ең жоғары жаза тағайындалмады?

Сот отырысында Батухан Тайыштықов өз кінәсін толық мойындаған. Сот мұны оның пайдасына ескерілген жалғыз жеңілдететін мән-жай ретінде бағалады.

Ал ауырлататын мән-жайлар анықталмағандықтан, сот оған ең жоғары жаза емес, 11 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот төрағасы Жаннара Тілеубаеваның түсіндіруінше, Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жаза мерзімін белгілеу кезінде сотталушының кінәсін толық мойындауы және бұрын сотталмағаны ескерілген.

Сот үкіміне сәйкес, Батухан Тайыштықов жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сот қандай шешім шығарды?

Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын ішінара қанағаттандырды.

Үкімге сәйкес, сотталған азаматтан:

моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге;

материалдық шығын үшін 167 мың теңге;

сондай-ақ процессуалдық шығындар өндірілетін болды.

Бұған қоса, азаматтық талаптың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сотталғанның үйіне салынған тыйым күшінде қалдырылды.

Жәбірленуші тарап үкіммен келіспейді

Үкім жарияланғаннан кейін жәбірленуші тараптың адвокаты соттан неге сотталушыға жеңіл жаза тағайындалғанын сұрады.

Өз кезегінде судья үкімнің толық уәжі кейінірек жарияланатынын айтып, тараптардың шешімге апелляциялық тәртіппен шағымдануға құқығы бар екенін еске салды.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі