Журналист Валерий Сургановқа халықаралық іздеу жарияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысының тұрғыны әйелін тұншықтырып өлтіріп, денесін әжетханаға жасырған

Қостанай облысының тұрғыны әйелін тұншықтырып өлтіріп, денесін әжетханаға жасырған
ашық дереккөзден

Қостанай облысының Қарасу ауданында әйелін өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.

Сот анықтағандай, қылмыс 2026 жылғы 1 ақпанда болған. Отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің артынан келіп, оны ұстап алып, тұншықтырған. Жәбірленуші тіршілік белгісін бермей қалғаннан кейін, ол әйелдің мойнының сол жақ тұсына пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қылмыстың ізін жасыру мақсатында сотталушы жұбайының денесін даладағы әжетхананың шұңқырына тастап, үстін қармен, шөппен және тұрмыстық қоқыспен жауып тастаған.

Сот отырысы барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Мемлекеттік айыптаушы оған 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал жәбірленуші тарап қатаң жаза қолдануды талап етті.

Сот ер адамның кінәсі толық дәлелденді деген қорытындыға келді. Оның кінәсі мойындау жауабымен, куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, бейнежазбалармен және сот сараптамаларының қорытындыларымен расталған.

Жаза тағайындау кезінде сот кінәні толық мойындауы мен шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде есепке алды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша «Адам өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды. Жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық зиян өтемі ретінде 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін 167 973 теңге өндірілді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер