Бектенов: Қазақстанның кез келген азаматы цифрлық инвестор бола алады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Әйелін өлтіріп, сосын өзі өлген”: Қоғамды дүр сілкіндірген тағы бір оқиға орын алды

“Әйелін өлтіріп, сосын өзі өлген”: Қоғамды дүр сілкіндірген тағы бір оқиға орын алды
Фото: Scott Olson/Getty Images

Астанада отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласып, 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуі қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Кейін өзі де пышақ жарақатын алған. Екеуі де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы жағдайды ерлі-зайыптылардың 14 және 12 жастағы балалары көргені туралы ақпарат тарады.

Астана қаласының Полиция департаменті аталған факті бойынша адам өлтіру және суицидке қатысты қылмыстық істер қозғаған. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция мәліметінше, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.