Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қостанай облысында Қуандық Бишімбаев сияқты әйелін аяусыз ұрып өлтірген ер адам небары 8 жылға сотталды

Қостанай облысында Қуандық Бишімбаев сияқты әйелін аяусыз ұрып өлтірген ер адам небары 8 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Салдарынан әйел адам жабық бас-ми және іш қуысы жарақатынан көз жұмды

Қостанай облысында сот әйел адамның өліміне қатысты күдіктіге үкім шығарды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 3 қаңтарында Троебратское ауылында болған. Сот мәліметінше, ер адам алкогольдік мас күйінде, сүйіктісін қызғаныштан ұрып, өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет соққы жасаған.

Салдарынан әйел адам жабық бас-ми және іш қуысы жарақатынан көз жұмды.

«Прокурор сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші тарап өкілі заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады», – делінген хабарламада.

Сот бұл жағдайды жеңілдететін мән-жай ретінде, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Ал ауырлататын мән-жай ретінде қылмыс жасалған сәттегі алкогольдік мас күйі танылды.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.