Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қосшыда алты жасар бала бассейнге батып кетті

Қосшыда алты жасар бала бассейнге батып кетті
Фото: Shutterstock

Ақмола облысының полицейлері Қосшы қаласындағы демалыс орындарының бірінде бассейнге батып көз жұмған баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілде күні Қосшы қалалық полиция бөліміне демалыс аймағындағы бассейнде шомылу кезінде кішкентай баланың суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.

Белгілі болғандай, көз жұмған бала 2020 жылы туған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды», – деп хабарлады ведомство.

Әзірге қайғылы оқиғаның нақты қалай болғаны және баланың ересектердің қарауынсыз қалған-қалмағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ. Тергеу барысында оқиғаға қатысты барлық жағдайға құқықтық баға берілетін болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.