Зейнетақы жинағы: активтер артқанымен, салымшылар көбейген жоқ
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қордайда балабақшада екі жксар мәби бассейнге батып көз жұмды

Қордайда балабақшада екі жксар мәби бассейнге батып көз жұмды
Фото: MadeniPortal.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қалғұты ауылында қайғылы жағдай тіркелді. Екі жас екі айлық бүлдіршін балабақша ауласындағы үрлемелі бассейнге батып, көз жұмған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы жағдай туралы қоғам белсендісі Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның жазбасында баланың отбасы оқиғаның қалай болғанына қатысты бірқатар сұрақ көтерген.

Марқұмның анасының айтуынша, қайғылы оқиға кезінде балабақша қызметкерлері бүлдіршінді тиісті деңгейде бақыламаған. Соның салдарынан бала қараусыз қалып, бассейнге түсіп кеткен болуы мүмкін.

Баланың туыстары қайғылы жағдайдың ұзақ уақыт бойы байқалмай қалғанына алаңдаулы. Олардың сөзінше, сараптама кезінде баланың денесінде судың көп мөлшері анықталған.

«Мамандардың айтуынша, баланың денесі толықтай суға толып қалған. Олардың түсіндіруінше, мұндай жағдайға жету үшін белгілі бір уақыт қажет. Демек, бала суда ұзақ уақыт жатқан», – деді туыстарының бірі.

Отбасы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты зерттеп, оған себеп болған жағдайларға объективті баға беруді талап етіп отыр.

Ата-ананың басты мақсаты – баланың қауіпсіздігіне кім жауапты болғанын анықтау. Егер қызметтік міндетіне салғырт қарау немесе балаларды бақылаусыз қалдыру фактісі расталса, кінәлі тұлғалардың заң аясында жауапқа тартылғанын қалайды.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты қалай болғаны, баланың бассейнге қандай жағдайда түсіп кеткені және сол уақытта балаларға кім жауапты болғаны туралы толық ақпарат жоқ.

Қайғылы жағдайға құқықтық баға беріліп, нақты жауапты тұлғалар тексеру нәтижесінде анықталуы тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.