Қоғам

Астанада бассейнге барған 8 жасар қыздың үстіне шкаф құлады

Астанада бассейнге барған 8 жасар қыздың үстіне шкаф құлады
Фото threads.com/@maruan_kz

Зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, ол жаттығу басталар алдында шешінетін бөлмеге кіріп, шкафты ашпақ болған. Алайда тұтқасынан тарта бергенде, шкаф үстіне құлаған. Балаға басқа бір келуші көмектесіп, астынан шығарып алған. Дәрігерлер қызға сүйек сынуы, ми шайқалуы және бір тісінің сынғанын анықтады.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалып, кешенді тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында жауапты тұлғаларға қатысты процессуалдық баға беріледі. Спорт кешені әкімшілігіне оқиғаға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныс жолданды», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары спорт нысандарының иелеріне балалардың жарақат алуына әкелген немқұрайлылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz