Ақмола облысындағы Қосшы қаласында 10 жасар бала «Нұра-Есіл» арнасына батып кетті, деп хабарлайды kznews.kz.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы баланың мәйітін тауып, судан алып шыққан.
Қайғылы оқиға болған су айдыны шомылуға арналмаған. Аталған аумақта арнайы ескерту және шомылуға тыйым салу белгілері орнатылған.
Сондай-ақ Ақмола облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты тағы бір оқиға тіркелді. Зеренді ауданында құтқарушылар ересектердің қарауынсыз қалған, диспансерлік есепте тұрған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде бала аман-есен табылып, оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.