Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желіде неке адалдығы туралы ойын айтып, оқырмандардың назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ол өз қадірін білетін және жеке шекарасын бағалайтын әйел үшін отбасындағы адалдық маңызды құндылық болуы керек деп санайды. Назираның пікірінше, мұндай әйелдер жұбайының опасыздығын қанша жыл бірге тұрса да, тіпті егде жаста болса да кешірмеуі мүмкін.
«Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын бақытының өзегі деп қарайтын әйелдер “изменаны” кешірмейді», – деп жазды ол.
Назира Байырбекова әйел адамның өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетінің тапталуына жол бермеуі керектігін айтып, опасыздық жасаған адаммен қарым-қатынасты кез келген жаста тоқтатуға болады деген ойын жеткізді.
«Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Жазира Байырбекова да әлеуметтік желіде отбасылы ер адамның өзге әйелмен қарым-қатынасы жайлы пікір білдірген еді. Дегенмен Назира Байырбекова жаңа жазбасының әпкесінің бұрынғы жарияланымына тікелей қатысы бар-жоғын нақтыламады.