Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ өнерінің антологиясы» жобасы аясында бірнеше кітап жарық көрді. Қазақ ұлттық өнер университеті Қорқыт ата ғылыми-зерттеу институты дайындаған «Шешендік өнер» (VIII-IX том), Мырзатай Жолдасбековтың «Ойтолғау», «Қалың қазақтың қадірлісі» және Әлқуат Қазақбаевтың «Қорқыт ата аңыздары мен күйлері» кітаптарының тұсаукесері өтті.
Аталмыш кітаптар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау мақсатында жүзеге асып отыр. «Шешендік өнерде» – қазақ халқының шешендік өнерінің философиялық мән-маңызы қамтылған. «Ойтолғауда» ел мен жер тағдыры, тарихи мұра, тұлға туралы нақыл сөздер, өлеңдертоптастырылған. «Қалың қазақтың қадірлісі» кітабында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым Мырзатай Жолдасбековтың өнегелі өмір жолын, мемлекет ісіндегі қажырлы еңбегін, қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін жан-жақты зерттеген отандық және шетел ғалымдарының ғылыми мақалалары мен танымал тұлғалардың эсселері және мазмұнды сұхбаттары енгізілген.
«Айқын» ақпарат