Биыл елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Министрлік парад ұйымдастырылмағанмен мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.
Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
Дегенмен мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр
(Ақпарат: azattyq-ruhy.kz, фото: sputnik.kz)