Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы айтты

Қорғаныс министрі 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы айтты

Журналистер қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан 9 мамырда Мәскеуде (Ресей) өтетін парадқа қатысу жоспары жайлы сұрады деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.


“Сіз 9 мамырда Мәскеуге барасыз ба?”, – деп сұрады журналистер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуі алдында.

“Жоқ. Мүмкін білетін боларсыздар, ертең Жоғарғы бас қолбасшымыздың басшылығымен жалпы армиялық конференция өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деп жауап берді Жақсылықов.

Еске салайық, бұдан бұрын Ақорданың баспасөз қызметі 5 мамырда мемлекет басшысы – Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысының жалпы армиялық конференция өтетінін, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алатынын хабарлаған.

2023 жылы Қазақстан Жеңіс күні мерекесіне орай әскери парад өткізілмейді.

Автор
Еркебұлан