KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қордай ауданының тұрғындарынан бір килограмм героин табылды

Данияр

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Күшті есірткі затын сатуды жоспарлаған ер адамдар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қордай ауданының екі тұрғынынан бір килограмнан астам героин табылды. Ер адамдар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=ke8lkjNuAec[/embed]

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері рейд барысында 45 және 42 жастағы ер адамдардың үйін тінтіді. Біреуі есірткіні жазғы ас үйде, екіншісі үйінде сақтаған.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау әуежайында үш адамды ұстады 

"Сот-химиялық сараптаманың актісіне сәйкес, тәркіленген зат "героин" есірткісі болып саналады. Табылған заттың жалпы салмағы бір килограмнан асады", - деп жазды Polisia.kz сайты.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы (Есірткі заттарын заңсыз сақтау, жіберу немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кінәлілер он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.


sputniknews.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →