Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қонақ үйге жасырынған: Жалдамалы пәтерден өлі табылған екі баланың анасы Шымкентте ұсталды

Қонақ үйге жасырынған: Жалдамалы пәтерден өлі табылған екі баланың анасы Шымкентте ұсталды

Түркістанда жалдамалы пәтерде екі баласын өлтірді деген әйел Шымкент қаласында ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz облыстық ПД басшысы Мұрат Қабденовтің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Облыстық ПД бастығы Мұрат Қабденовтың сөзінше, әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды", - деп жазды ПД бастығы.


фото: pixabay
Автор
Данияр