Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қойшы, солай ма?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұраққа күліп жіберді

«Қойшы, солай ма?»: Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұраққа күліп жіберді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскердегі өлім-жітім мәселесіне қатысты сұраққа жауап беру кезінде күліп жіберіп, журналистерді таңғалдырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистер министрден: «Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау деректері туралы хабардарсыз ба?» деп сұрағанда Қосанов: «Не дейсіз? Әскерилер ме? Не туралы айтып тұрсыз?» деп жауап берген.

Министрдің бұл сөзінен кейін журналистер оның неге күлгенін сұрады.

«Шыны керек, ондай жағдайлар қазір жоқ. Зорлау дейсіздер ме? Ондай фактілер болса, көрсетіңіздер. Дәлелсіз айтудың қажеті жоқ», – деп жауап берді.

Оның айтуынша, мұндай тәуекелдерді болдырмау үшін командирлермен және психологтармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Камералар орнатамыз, пресс-турлар өткіземіз, журналистерді айына бір рет шақырамыз. Әскерде әлімжеттік жоқ. Бірақ әскердегі жігіттердің жас екенін ескерген жөн. Қоғамда жастар арасында түсініспеушіліктер болатыны сияқты, әскерде де кейде сондай жағдайлар кездесуі мүмкін. Дегенмен тәртіпті сақтау үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деді министр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі