Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады

Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады

Саяжайларына баратын адамдарға өзінің жеке көлігімен жетуге тура келеді. Оларға қонақ шақырып, отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Қоғамдық көлік қозғалысы карантин аяқталғанға дейін жанданбайды. Бұл туралы астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Вирус жұқтыру қаупі жойылмағандықтан, кинотеатр, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана, дәмханалар мен адам көп шоғырланатын жерлер ашылмайды. Соңғылары онлайн тапсырыс бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады. Қоғамдық көлік қозғалысы да карантин аяқталғанға дейін жанданбайды", - деді әкімдік.

Әкімдіктің баспасөз қызметі саяжайға баратын тұрғындар өз көлігімен жетуі тиіс екенін жеткізді. Алайда оларға саяжайға қонақ шақырып, отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады. 

27 сәуірден қандай кәсіпорындар жұмысын бастайды

Мемлекеттік комиссия жұмысын жандандыратын кәсіпкерлік субъектілері қызмет түрлерінің тізімін бекітті.

Кәсіпорындар барлық өңірде 27 сәуірден, ал Шымкентте 1 мамырдан бастап іске қосылады. Бүкіл жерде қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс.

Елімізде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін ұзартылды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр