Абай облысындағы шахтада өрт шығып, Kaz Minerals жұмысшылары эвакуацияланды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҚМА 35-тен аса блогерді казиноны жарнамалауға тартқан өзбекстандыққа іздеу жариялады

ҚМА 35-тен аса блогерді казиноны жарнамалауға тартқан өзбекстандыққа іздеу жариялады
Фото: ru.kinorium.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Өзбекстан Республикасының азаматы, 2000 жылғы 19 ақпанда туған, «Маха.dxb» бүркеншік атымен танымал блогер Махмуд Умидович Хикматовқа халықаралық іздеу жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

 Сот оны қамауда ұстауға санкция берді.
 

"Ол «SultanGames», «PINCO», «Nomadcasino», «Pin-Up», «Vavada» және басқа да заңсыз интернет-казиноларды жарнамалап, насихаттады деген күдікке ілінді. Қазақстан аумағында интернет-казинолардың заңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасайтын тұрақты жүйе құрылған. Осы жүйе арқылы интернет-казино интерфейсі ұсынылып, ақша қабылдау және төлеу жолға қойылған. Ол үшін эквайринг, мобильді төлемдер мен криптовалюта пайдаланылған. Сондай-ақ ел азаматтарын құмар ойындарға көптеп тарту мақсатында жарнама таратылған". - делінген хабарлдамада.

Интернет-казиноларды жарнамалау үшін ұйымдастырушылар блогер М. У. Хикматовты тартқан. Оған Қазақстанда жұмыс істейтін инфлюенсерлерді тауып, солар арқылы жарнамалық материалдар жариялату міндеті жүктелген.

Осы мақсатта М. Хикматов блогерлерден әлеуметтік желідегі парақшаларының статистикасын, соның ішінде жазылушыларының демографиялық және географиялық көрсеткіштерін, сондай-ақ жарияланымдарының қанша адамды қамтитыны туралы мәліметтерді сұратқан. Жарнама ақысы осы деректерге қарай белгіленген.

Ол барлығы 35-тен астам блогерді, оның ішінде блогер Қамза Қ.-ны тартқан.

Аудиториясы ауқымды Қ. Қамза интернет-казиноларға апаратын рефералдық сілтемелерді жариялап, Қазақстан азаматтарын тыйым салынған құмар ойындарға әдейі тартқан. Ол пайдаланушылардың әрбір өтуі үшін сыйақы алып отырған.

 Еске салайық, Қамза Қ. биылғы 6 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасынан экстрадицияланды.

Іздеудегі адамның қайда жүргені туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз: +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

 Сыйақы төленетініне және хабар берген адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік беріледі.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі