Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қират, сындыр, өртейміз»: Айгүл Иманбаева жұртты шошытты (ВИДЕО)

«Қират, сындыр, өртейміз»: Айгүл Иманбаева жұртты шошытты (ВИДЕО)

Өнер жұлдызының бұл видеосы жұрттың көңілінен шыққан жоқ



Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева тренд болған видеоны түсіріп, жұртты шошытты, деп хабарлайды Kznews.kz.



Әнші «қазақтар былай дейді» деген трендті түсірген болатын.

«Қазақтар ыдыс сынғанда қират, сындыр, қалғанын өртейміз деп айтады. Қонақ кеткенде «дастарханды жинайық» деп айтпайды, қазақтар «өзіміз отырып, шай ішейікші» дейді», - деп Айгүл Иманбаева әзіл видеосын түсірген.

Алайда, өнер жұлдызының бұл видеосы жұрттың көңілінен шыққан жоқ.
«Дым қызық емес осы трендтер, өз-өздеріңе күліп отырсыңдар», «Мұндай фразеологизмдер барлық тілде бар», «Тілімізді тек жақсы жағынан, басқа ел қызығатындай етіп көрсетейік», «Өз-өздеріңді келеке етуден жалықпайсыздар. Қазақтар жаманын жасырып, жақсысын асырады», - деп жазды желі қолданушылары.




Автор
Данияр