Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова Ақордада өткен салтанатты рәсімде ІІ дәрежелі "Барыс" орденін алды. Мемлекеттік награданы өнер иесіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әншінің айтуынша, бұл оның Ақордаға алғаш келуі екен. Сонымен қатар Мақпал Жүнісова соңғы 25 жылда мемлекет тарапынан алғаш рет осындай жоғары марапат алып отырғанын жеткізді.
Салтанатты шарадан кейін өнер иесі Президентке өзінің әндері жазылған үнтаспа жинағын сыйға тартты. Әнші бұл тартуды өткен күндердің естелігі әрі ризашылығының белгісі ретінде ұсынған.
Мақпал Жүнісованың қуанышы, шынайы сөзі мен қарапайым болмысы желі қолданушыларының жылы пікіріне ие болды.