Әнші бұл туралы өз Instagram парақшасында жариялаған видеода айтып өтті. Бейнежазбада ол Түркістан қаласында өткен тойда отырған сәтін көрсетіп, Мұқасан Шахзадаевтың көзілдірігіне қызығып қалғанын жеткізген.
«Түркістанда тойдамыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті екен, телефон секілді қуатталады», — дейді Жүнісова.
Видео барысында тамақтанып отырған Мұқасан Шахзадаев әріптесінің сөзін естіп, көзілдірікті оған сыйлық ретінде алып беретінін айтады.
«Сізге тапсырыс емес, сыйлық ретінде алдырамын. Бір көзілдірік алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!» — деп әзілдей жауап берді әнші.
Желі қолданушылары қос өнерпаздың жылы әзілге толы диалогына оң пікір білдіріп, олардың достығын үлгі етті.
Мақпал Жүнісова мен Мұқасан Шахзадаев бұған дейін де түрлі концерттер мен тележобаларда бірге өнер көрсетіп жүрген танымал әріптестер.