KZNEWS.KZ
Саясат

ҚАЖК Ерлан Қожағапановтың мерзімінен бұрын босатылуына қатысты түсініктеме берді

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың неліктен мерзімінен бұрын босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған kznews.kz..

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне мәлім еткендей, бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов түзеу мекемесінде жазасын өтеген.

"Сот шешімімен жазаның өтелмеген екі айы жеңілірек жаза түріне, яғни айыппұлға ауыстырылды", - деп хабарлады комитеттен.

Естеріңізге сала кетейік, кеше бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Бұрынғы шенеунік 2025 жылғы 19 мамырда Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Кейін Ерлан Қожағапановты қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсіргенімен, апелляциялық алқа оны қанағаттандырмай, үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →