KZNews.kz
Жаңалықтар

"Қазіргі келіншегім баламнан 4 жас үлкен": Белгілі актер жеке өмірі жайлы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Белгілі актер әрі әзілкеш Нұркен Иманқұлов жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайтты бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі YouTube-тағы Shatcast бағдарламасына сұхбат беріп, шығармашылығы мен өмір жолы туралы ашық әңгіме қозғады. Әңгіме барысында ол қазіргі отбасылық жағдайына да тоқталды.

"Қазіргі келіншегіме алғысым шексіз. Екі баламмен өте жақсы тіл табысып кетті. Келіншегім балаларымнан небәрі төрт жас үлкен. Тіпті үлкен ұлым одан төрт жас кіші. Ұлым оны "жеңеше" деп атайды. Екеуі жақсы араласады, бірге ойын ойнайды. Осындай сыйластықтың болғаны қуантады", – деді актер.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →