Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Актер Рүстем Жаныамановтың үлкен ұлы өмірден өтті

Актер Рүстем Жаныамановтың үлкен ұлы өмірден өтті
ашық дереккөзден

Актер Рүстем Жаныаманов пен оның жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманованың отбасында ауыр қайғы болды. Ерлі-зайыптының тұңғыш ұлы Нұрмұхаммет өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, марқұмның ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл суық хабар өнер адамдары мен желі қолданушыларына ауыр тиіп, көпшілік актерлер отбасының қайғысына ортақтасып жатыр.

"Біздің Рүстем мен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала – бауыр еттен, мұндайда жұбататын сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз", – деп жазды Гүлнұр Мамасарипова.

Айта кетейік, бұған дейін Рүстем Жаныаманов пен Жанаргүл Жаныаманова ұлдарының денсаулығы үшін ұзақ жыл күрескендерін ашық айтқан еді. Ерлі-зайыпты бірнеше сұхбатында Нұрмұхамметтің ауыр диагнозымен 5-6 жыл бойы арпалысып, оның сауығуы үшін бар күш-жігерін жұмсағандарын бөліскен болатын.

Қазір өнерсүйер қауым мен желі қолданушылары актерлер отбасына сабыр тілеп, марқұмның иманы саламат болсын деген көңіл айту жазбаларын қалдыруда.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер