KZNews.kz
Спорт

Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш реванш өткізеді

Torgyn Abushakhman

Қазақстандық ММА тарихындағы ең көп талқыланған жекпе-жектердің бірі жалғасын табады: Naiza лигасы Қазбек Сағын (5-0) мен Багдат Жубаныш (5-1) арасындағы реваншты ресми түрде жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу 30 мамыр күні Қарағанды қаласында өтеді. Басталуы — 17:00-де.

Бұл жекпе-жек "Қазақстандық ММА тарихындағы ең көп күтілген реванш" деп аталып отыр. Жауынгерлер алғаш рет 2023 жылдың маусымында Naiza 52 турнирінде кездескен болатын. Сол жекпе-жектің нәтижесі көпшілік арасында үлкен дау туғызып, жанкүйерлер мен сарапшылар арасында қызу пікірталас тудырған еді.

Бастапқыда реванш 2024 жылы өтеді деп жоспарланғанымен, кейінге шегерілді. Енді аралас жекпе-жек жанкүйерлері нағыз тартысты және шешуші айқасты тамашалауға мүмкіндік алады. Жекпе-жек жеңіл салмақта (52 кг дейін) өтеді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары