Қазақтың тағы бір ұлы перезенті, композитор Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды. Бұл туралы Сәуле Әбілдаханқызы айтты.
Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев (10 ақпан 1946 жыл, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Пірімов ауылы) — композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.
- 1994 жылы "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
- 2005 жылы "Құрмет" орденімен марапатталды.
- 2014 жылы "Парасат" ордені берілген.
- Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры.
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласы бойынша мемлекеттік степендия иегері.