KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Қазақстанның үздік футболшысы жол апатынан қаза тапты

• Айбар
Жетісу облысының үздік футболшысы, балалар мен жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Батырбеков Әлібек Асылбекұлы кешегі жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жол апаты Алматы-Талдықорған тасжолында болған. 

"26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тасжолдың 109-шақырымында рөлді тізгіндей алмай, қоршауға соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды. Екі жолаушы зардап шегіп, Қонаев ауруханасына жатқызылды", - деді жергілікті ПД өкілі.

 
Айбар
Журналист
Автордың басқа материалдары →