Жетісу облысының үздік футболшысы, балалар мен жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Батырбеков Әлібек Асылбекұлы кешегі жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты Алматы-Талдықорған тасжолында болған.
"26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тасжолдың 109-шақырымында рөлді тізгіндей алмай, қоршауға соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды. Екі жолаушы зардап шегіп, Қонаев ауруханасына жатқызылды", - деді жергілікті ПД өкілі.