Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларға жеткен

Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларға жеткен

Бұл туралы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» басшыларының екінші кездесуінде айтты.

«Орталық Азия мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының болашағы шын мәнінде кең көлемді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еуропалық инвестициялар ағыны 23%-ға артып, 12,5 миллиард долларды құрады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 30 жыл ішінде Қазақстанға тартылған 350 миллиард долларлық тікелей шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы Еуропадан келген.

«Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып отыр, біздің сыртқы саудамыздың 40%-дан астамы оның үлесіне тиесілі. Өткен жылы Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен өзара тауар айналымы көлемі 40 миллиард долларды құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндігіміз бар деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Автор
Данияр