Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық болады - синоптиктер - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның бірқатар аймақтарында аптап ыстық болады - синоптиктер - Қазақстан жаңалықтары

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

3-4 маусым күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус қатты ыстық болады.

3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

3 маусым күндіз Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады. Жел қарқыны - 15-20 м/с. 35-37 градус аптап ыстық болады.

3 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

3-4 маусымда Алматы облысында 35-38 градус аптап ыстық сақталады.

3 маусым күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады.


stan.kz
Автор
Еркебұлан