Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның 7 аймағының тұрғындарына жел туралы ескерту келді - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның 7 аймағының тұрғындарына жел туралы ескерту келді - Қазақстан жаңалықтары

Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Маңғыстау облысында найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан