Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстаннан 15 млрд доллар криптоактив заңсыз шығарылған

Қазақстаннан 15 млрд доллар криптоактив заңсыз шығарылған
фото: bihance.com

Қазақстаннан 15 млрд доллар криптоактив заңсыз шығарылған. Қаражаттың қайда кеткенін анықтау мүмкін болмады, деп хабарлайды kznews.kz сайты CMN порталына сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловтың айтуынша, бүгінде елден шығарылған криптовалюта көлемі 15 миллиард долларға жеткен. Бұл қаражаттың қайда кеткенін бақылау мүмкін болмаған.

– Қазір Қазақстанда азаматтардың криптовалютаға сенімді түрде инвестиция құюына мүмкіндік беретін әкімшілік-құқықтық жүйе толық қалыптаспаған. Сондықтан цифрлық активтер нарығын реттеудің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Әсіресе, заңсыз ақша шығаруға қарсы шараларға басымдық беріледі – әкімшілік те, қылмыстық деңгейде де, – деді ол.

Шолпанқұловтың айтуынша, технология дамыған сайын криптооперацияларды жасыру қиындай түседі.

– Халықаралық мониторинг жүйелеріне қосылғанда, мүмкін арнайы брифинг өткізіп, бұл қаражатты кім, қайда шығарғанын, тіпті қайда сақтап отырғанын да аты-жөнімен айтып береміз. Қазір ондай мүмкіндік бар, тек оған уақыт қажет, – деді Ұлттық банк өкілі.

Автор
Ілияс Тұрсынхан

Ілияс Тұрсынхан