Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанға шетелден келетін туристер саны артты 

Қазақстанға шетелден келетін туристер саны артты 
07 Желтоқсан 2018, 14:48 495 0

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Kazakh Tourism ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садуақасов Астанада өтіп жатқан TravelMediaTalks халықаралық форумында Қазақстанның сыртқы туризм саласының көрсеткіштері туралы баяндады.

Оның айтуынша, бүгін жұртшылықтың назарына ұсынылып отырған бренд тұжырымдамасы соңғы нұсқа емес. Бұл форум тұжырымдаманы талқылау мақсатында өткізіліп отыр.

«Біз Ресей, Қытай, Батыс және шығыс Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері секілді маңызды 11 нарықпен жұмыс істейміз. Әр елдің өз бренді болады. Әрине, брендсіз туризмі дамып жатқан елдер бар. Бірақ бренд маркетингтің жылдам жұмыс істеуіне көмектеседі. Өкінішке қарай, маркетинг іргетасы әрдайым тиімді бола бермейді. Сол себепті брендт, дұрыс контент пен месседж болса оны ілгерілетуге салынған инвестицияның өтемі әлдеқайда жоғары және жылдам болады», - деді Садуақасов.

Ол сондай-ақ Қазақстанға жыл басынан бері келген туристер саны туралы мәліметпен бөлісті.

«2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың 9 айында елге келген туристер саны 16% жоағры өсімді көрсетті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бүгінде 6,8 млн турист келді. Жыл соңына дейін тағы да туристер ағынын күтеміз», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Астанада «Жаһандық цифрландыру кезеңіндегі туризм: жаңа толқынға бағыт» тақырыбында TravelMediaTalks халықаралық форумы өтуде. Форум спикерлері – 6 мемлекеттен, соның ішінде Ұлыбритания, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстаннан келген туризм мен медиа саласындағы сарапшылар. Сондай-ақ, бүгін форум барысында еліміздің туристік брендінің тұжырымдамасы көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен украиналық және қырғызстандық сарапшылар туристік саланы дамытуға қатысты өз ойларын айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар