ҚТЖ басшысы болып Ерсайын Нағаспаев тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбеков ұсталды

"Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбеков ұсталды
Қуаныш Омарбеков. Фото: kazatomprom.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбековті ұстады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 23 қарашада Қуаныш Омарбековпен бірге өзге де адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдіктілердің "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы болуы мүмкін.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында пара беруге қатысты жауапкершілікті көздейді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жарияланбайтынын мәлімдеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер