Қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік Қайрат Нұртастың имиджінің ажырамас бөлігіне айналған. 37 жастағы әртістің 22 қарашадағы концерті Атырауда аншлагпен өтті.
Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас Атырауда өткен концертінде жанкүйеріне күннен қорғайтын көзілдірігін сыйға тартты, деп хабарлайды kznews.kz
Концерт барысында әнші залдан бір қызды сахнаға шақырып, Louis Vuitton брендінің көзілдірігін сыйлады.
Бойжеткен желіде кумирінен алған сыйлығын көрсетті.
"Көзілдірік менде. Әлі күнге дейін сене алар емеспін", - деп әсерін бөлісті @ssamantaa20 нигімен TikTok-та тіркелген Қайрат Нұртастың жанкүйері.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір қалдыруда.
"Неге екенін білмеймін, бірақ сіз үшін қатты қуандым. Қызыға қараймын", "Қандай керемет! Армандар орындалады", "Қандай қарапайым әнші", "Қайрат әрқашан халыққа жақын", "Сіз оны құшақтағанда жылып жібердім", "Ешкімге сатпаңыз", "Мен оны сізден сатып алар едім", - деп жазды олар Tik-Tok-та.