KZNews.kz
Қоғам

«Қазақстандықтарға 70 мың теңгеден беріледі»: министрлік ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Ayzhan Sylanova
Фото: dauletten.kz

Министрлік өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Белгісіз тұлғалар тарапынан таратылған хабарламада азаматтарға күмәнді сілтемеге өтіп, төлем алу ұсынылған.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан бұл ақпарат жалған. Мұндай әлеуметтік көмек түрі қарастырылмаған. Сілтемеге өту – алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін ұрлауға бағытталған әрекеті болуы мүмкін. Сондықтан күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге кеңес береміз. Мемлекеттік төлемдер туралы мәліметтер тек 1414 нөмірінен жіберілетін SMS арқылы хабарланады. Жалған ақпарат таратудың заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз», – делінген министрліктің ресми мәлімдемесінде.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары