Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰБТ-ның жаңа форматы туралы министрлік маңызды мәлімдеме жасады

ҰБТ-ның жаңа форматы туралы министрлік маңызды мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті ҰБТ жүйесін жетілдіруге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы ҰБТ-ны халықаралық деңгейдегі сапалы тестілеу жүйесіне айналдыру мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған. Оның аясында әлемге әйгілі Educational Testing Service (ETS) компаниясында оқытуға арналған әзірлеушілер мен сарапшылар тізімі жасалып, ҰБТ-ны кезең-кезеңімен дамытуға арналған бес жылдық жоспар әзірленбек. Сонымен қатар ETS-пен бірлесіп тест форматын жетілдірудің әдіснамасы дайындалады.

«Қазақстандық ҰБТ-ны үздік әдіснамасы мен сапасы бар халықаралық тестілеу жүйесіне айналдыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды», – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Сонымен бірге министрлік 2026 жылы ҰБТ форматына ешқандай өзгеріс енгізу жоспарланбағанын нақтылады.

«Барлық өзгеріс ғылыми тұрғыда зерделеніп, отандық және шетелдік тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен жан-жақты талқыланады. Білімді бағалау жүйесіндегі жаңашылдықтар мен олардың маңызы қоғамға кезең-кезеңімен түсіндірілетін болады», – деп атап өтті ведомство.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.