Білім

Министрлік оқу гранттарына қатысты маңызды ақпараттарды жария етті

Министрлік оқу гранттарына қатысты маңызды ақпараттарды жария етті
Фото: ашықдереккөз

2025 жылғы 13-20 шілде аралығында талапкерлерден білім беру гранттары конкурсына, сондай-ақ ақылы негізде оқуға өтініштер қабылданады. Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе университеттер жанындағы қабылдау орталықтары арқылы тапсыруға болады.

Білім беру гранттары конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша келесі шекті балдар белгіленген:

«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттары бойынша – кемінде 75 балл;

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» бағыты бойынша – кемінде 70 балл;

Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл;

Басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 50 балл;

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне түсу үшін – кемінде 50 балл.

Айта кету керек, жоғары оқу орындары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға қабылдау үшін өз шекті баллдарын өздері белгілеуге құқылы.

2025 жылы «Цифрлық университет» қағидатын іске асыру жалғасып жатыр: үдерістердің басым бөлігі автоматтандырылған, бұл конкурстық іріктеудің ашықтығын арттырады.

Цифрлық экономикаға кадрлар даярлау аясында сұранысқа ие техникалық және IT бағыттар бойынша қосымша гранттар бөлінді.

Ауыл мектептерінің түлектері үшін квоталар қарастырылған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz