Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Оқушылардың жаппай төбелесіне қатысты Министрлік мәлімдеме жасады

Оқушылардың жаппай төбелесіне қатысты Министрлік мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты қоғамдық орында бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Оқиғаға қатысқан жасөспірімдердің мектептерінде профилактикалық кеңес өткізіліп, олар мектепішілік есепке қойылды. Әр балаға жеке профилактикалық жұмыс жоспары бекітілген. Сондай-ақ балалармен және олардың ата-аналарымен психологиялық, педагогикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Комитет өкілдері құқықбұзушылықтың салдары егжей-тегжейлі түсіндіріліп жатқанын атап өтті.

Материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде жасөспірімдердің төбелесін бейнелейтін видео тараған болатын. Кадрда жерде жатқан баланы бір жасөспірім ұрып жатқан сәт түсіп қалған, ал үшінші бала жанжалды тоқтатуға тырысады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.