Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін де eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды kznews.kz.
eGov.kz порталы арқылы қызметті алу үшін:
порталға кіріп, «Азаматтарға» - «Көлік және коммуникациялар» - «Автомобиль көлігі» бөліміне өту;
«Жүргізуші куәлігін алу» қызметін таңдау; • дайын құжатты алу үшін ХҚКО-ны көрсету және фотосуретті жүктеу (фотоға қойылатын талаптармен танысу);
қолтаңба үлгісін жүктеу және байланыс телефонын енгізу;
мемлекеттік баж салығын төлеу (1,25 АЕК). Қайта өтінім берген жағдайда «Бұрын төленген» функциясын пайдалануға болады;
өтінімді қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен растау. Қызмет нәтижесі eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Хабарламалар» бөлімінде және eGov Mobile қосымшасындағы «Хабарламалар» - «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде көрсетіледі.
Дайын құжатты рәсімдеу кезінде таңдалған ХҚКО-дан, жеке куәлікті ұсыну арқылы, алуға болады. Өтінім беру барысында кейбір жағдайларда пайдаланушы құжатының деректері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде цифрландырылмаған болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті хабарлама көрсетіледі және деректерді жаңарту үшін ХҚКО-ға жеке жүгіну қажет болуы ықтимал.