"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар «Келинка Сабина» фильміне тыйым салуды талап етуде

Қазақстандықтар «Келинка Сабина» фильміне тыйым салуды талап етуде

Өтініш авторы  фильмнің барлық серияларына тыйым салып, сериалдың авторы Нұртас Адамбайды жауапқа тартуға шақырады.

Антон Тараненко Мәдениет министрі Абаевтан «Келинка Сабинка» фильмдерінің барлық серияларына тыйым салуды талап еткен петиция жариялады. Үндеуде Тараненко баланың моральдық-рухани дамуына зиян келтіретін үгіт-насихаттан мемлекет қорғауға міндетті екендігі айтып, баланың құқықтары туралы заңға сілтеме жасаған.

— «Келинка Сабина» фильмінде Нұртас Адамбай әйел кейпінде киініп, бөтен еркектермен сүйісіп жатқан сюжеттер бар (…) Мұндай нәрселерді көрсету балаларымыздың имандылығына кері әсер етеді! «Келинка Сабина»  фильмінің барлық сериясына Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салуды және Нұртас Адамбайды жауапқа тартуды талап етеміз!, – деп жазады петиция авторы.

Бұған дейін қазақстандықтар министр Абаев екі кейіпкердің сүйісіп жатқаны үшін «Buzz Lightyear» мультфильмін көрсетуге тыйым салғандықтан, оның отставкаға кетуін талап еткен петиция жариялаған болатын. Қазақстандық актер Нұртас Адамбайдың мультфильмге қатысты сынынан кейін мультфильмнің прокатынан бас тарту туралы шешім қабылданған деп сенеді.

Автор
Айбар