ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсетті

Қазақстандықтар ерен ерліктің жарқын үлгісін көрсетті

Елбасы жанқиярлықпен соғысқан 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандастарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

"Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 9 мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн. Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз. Майдан даласындағы жауынгерлік ерлік пен тылдағы қажырлы еңбекке тағзым етеміз. Бұл ­– нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі", - деп атап өтті Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Ардагерлерге материалдық көмек көрсетуге 7,6 млрд теңге бөлінді 

Елбасы жеңіс бізге оңайға түспегенін, келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін миллиондаған адам фашизмді жеңу жолында жанын пида еткенін еске салды.

"Еліміздің әрбір бесінші тұрғыны майданға аттанды. Олардың көбі соғыс даласынан оралған жоқ. Қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің жарқын үлгісін көрсетті", - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, жаужүрек аталарымыз Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты қорғауға барын салып, Сталинград, Курск шайқастарында, жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты. Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр