Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандықтар енді облыс әкімдері мен министрлерді петиция арқылы қызметінен кетіре алмайды

Қазақстандықтар енді облыс әкімдері мен министрлерді петиция арқылы қызметінен кетіре алмайды

Қазақстанда тұрғындар облыс әкімдері мен министрлердің отставкасын петиция арқылы талап ете алмайды, деп айтты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.

Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары мақұлданды.

Бұл құжаттарда петиция институтын регламенттеу жөніндегі түзетулер қамтылған. Уәкілетті орган петиция жария болғанша оның заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін анықтайды.

Бұл ретте басқару нысанын, республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымы мен шекараларын, сот төрелігін, рақымшылықты, ұлттық қауіпсіздікті және т.б. өзгерту сияқты мәселелер бойынша петиция берілмейді.

«Тыйым салынған» тақырыптардың тізбесі конституциялық және қылмыстық құқық, референдум туралы заң негізінде қалыптастырылған.

«Әкімшілік-аумақтық құрылым, шекара, тіл мәселесі, конституциялық заңдар, арнайы қызметтердің жұмысы қарастырылмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік құпия санатындағы мәселелер петицияда қаралмайды. Мұнымен қоса, Президент, Парламенттің қос палатасы және Үкіметтің құзыретіне кіретін лауазымдарды тағайындау мен босату мәселелері қаралмайды. Өйткені бұл тақырып тиісті заңнама аясында іске асады. Атап айтқанда, адамның құқығы мен бостандығына нұқсан кетіретін тақырыптар петицияда қаралмайды», - деді Данияр Қадыров.

  Ақпарат:Nege.kz Фото: opentv.media  
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары