Жүргізуші куәлігі жемқорлықтың жүйелі жолына айналды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық жас футболшы испаниялық клубқа ауысты

Қазақстандық жас футболшы испаниялық клубқа ауысты

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Дінмұхамед Кәшкен испаниялық «Касабланка» клубына ауысты.

Аталған клуб «Хувениль А» деп аталатын Испанияның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер жоғары лигасында ойнайды. Жақын аралықта «Касабланка» әйгілі «Барселона» клубымен кездеседі. Әрине, аталған атақты клубтың ізбасарларымен. Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Александр Кузнецов әлеуметтік желі арқылы өз шәкіртіне сәттілік тілеген.

18 жастағы Дінмұхамед бұған дейін мадридтік «Атлетико» клубының академиясында жаттыққан болатын. 2016 жылы ол елге оралып, «Астананың» қосалқы командасы қатарына ауысты. Өткен маусымда «Жетісу Б» намысын қорғап, 22 матчта екі гол соқты.

Абай Аймағамбет

Автор
Мадияр