ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kznews.kz

22 тамызға қараған түні Данилина сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге жұптық сайыста америкалық Кармен және Ивана Корли есімді апалы-сіңлілі қарсыластарын жеңді. Ойын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен аяқталды.

Финалға жолдама үшін Анна мен Александра чехиялық дуэт – Анастасия Детиюк пен Мириам Скохқа қарсы бақ сынайды. Айта кетерлігі, бұл жұп осы турнирге үш жыл бұрын да қатысып, финалға дейін жеткен, бірақ шешуші ойында жеңіліс тапқан.

Ал US Open-2025 іріктеу сынында қазақстандық теннисшілердің жолы болған жоқ: жарыстың іріктеу кезеңінде бақ сынаған үш спортшымыз да екінші айналымнан аса алмады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.