Instagram-дағы қазақстандық танымал блогерге алаяқтық жасады деген айып тағылды. Әлеуметтік желілерде қолданушылар 20 адам алаяқтық құрбаны болғанын жазды. Олар Түркияда 700 мың теңгеге табысты кәсіп жүргізу жолын үйренбек болған. Нәтижесінде, ақша да, курстар да жоқ. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы репортажында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.